Ветеринарлық мамандар біліктілікті арттыру курсынан өтті

2026 жылғы 6–9 қаңтар аралығында Мағжан Жұмабаев ауданының ветеринариялық станциясының ветеринариялық мамандары мен жануарларды ветеринариялық өңдеу жөніндегі операторлар Қостанай өңірлік Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университетінде «Инфекциялық аурулар кезіндегі биологиялық қауіпсіздік» бағдарламасы бойынша көлемі 24 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Оқу қорытындысы бойынша 2026 жылғы 21 қаңтарда курсқа қатысушыларға оқудан өткені туралы сертификаттар табысталды.

 

26.01.2026
Қаралым саны: 14