Жыл сайынғы міндетті жоспарлы диагностикалық, емдеу-профилактикалық ветеринариялық іс-шаралар кезеңі басталды. Бұл іс-шаралар ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы және аса қауіпті ауруларын, соның ішінде жануарлар мен адамға ортақ ауруларды алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Қолайлы жағдайды сақтау үшін жүйелі және уақтылы жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралардың маңызы өте зор. Ветеринариялық қызметтің жұмысы кешенді және жоспарлы сипатта болып, жануарлардың жұқпалы ауруларының пайда болуын және таралуын алдын алуға бағытталған.
Мағжан Жұмабаев ауданының ветеринариялық станциясы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының иелері Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңында көзделген (25-бап – жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың міндеттері) профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін жануарларын ветеринариялық мамандарға ұсынуға міндетті екендігін хабарлайды.
Тәжірибе көрсеткендей, жануарлардың қауіпті ауруларының өршуі айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді. Нәтижесінде зардап шеккен тек ауру жануарлардың иелері ғана емес, сонымен қатар ауру ошақтарына жақын орналасқан ірі кәсіпорындар мен азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтары да зардап шегеді.
Мағжан Жұмабаев ауданының ветеринариялық станциясы ауыл шаруашылығы жануарларын ұстап-бағумен айналысатын барлық тұрғындар мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларына қажетті диагностикалық және емдеу-алдын алу ветеринариялық іс-шараларын толық көлемде орындауды қатаң түрде ұсынады.
Жануарлар басын ветеринариялық өңдеумен толық қамту ғана ауданымыздағы эпизоотиялық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Қаралым саны: 14