Аса қауіпті ауруларға қарсы жүргізілетін ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың мақсаты – аудан аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, адамдар мен жануарлардың денсаулығын күйдіргі, аусыл, туберкулез, эмфизематозды карбункул, нодулярлы дерматит, пастереллез, бруцеллез, шешек және басқа да жұқпалы аурулардан қорғау болып табылады.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның ветеринариялық мамандары ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы жоспарлы көктемгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуде. Өңдеу жұмыстары ТЕГІН негізде жүргізіледі (вакцинациялау, ауыл шаруашылығы жануарларынан қан алу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру).
Ветеринариялық өңдеу жұмыстарын уақытылы жүргізу ауданның эпизоотиялық тұрақтылығына, сондай-ақ жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының иелері жануарларды бірдейлендіруді қамтамасыз етуге, жануарларына уақтылы вакцинация және диагностикалық зерттеулер жүргізуге, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ветеринария саласындағы мамандарға ветеринариялық іс-шараларды жүргізу кезінде қызметтік міндеттерін орындауға жәрдем көрсетуге міндетті.

Қаралым саны: 9