Қазақстан Республикасының Президенті Қасым — Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында 2025 жылдың басты қорытындысы — реформалардың қайтымсыз сипаты және елдің сапалық тұрғыдан жаңа жаңғыру кезеңіне өтуі екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасы рекордтық өсім көрсеткенін айтты: ЖІӨ көлемі 300 млрд доллардан асты, ал жан басына шаққандағы табыс 15 мың доллардан жоғары болды. Сонымен қатар инфляция, құрылымдық реформаларды жалғастыру, энергетика мен ТКШ-ны жаңғырту, транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыру, ауыл шаруашылығы, туризм және цифрлық технологияларды дамыту сияқты негізгі сын — қатерлерге назар аударылды.
Сұхбатта салық реформасы, әлеуметтік әділеттілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жасанды интеллектті дамыту және елдің қорғаныс қабілетін нығайту мәселелері де кеңінен қамтылды. Президент Қазақстан заң үстемдігіне, тәртіп пен жауапкершілікке негізделген, болашақ ұрпақтың игілігі үшін ұзақмерзімді дамуға бағытталған мемлекет құрып жатқанын атап өтті.
Дереккөзге сілтеме: https://akorda.kz/kz/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-kasym-zhomart-tokaev-kazakstan-zhangyrudyn-zhana-kezenine-kadam-basty-401240

Қаралым саны: 23