2025 жылғы 21 сәуірде Ноғайбай би ауылдық округінің ветеринариялық фельдшері Сұлтан Сураганович Тургунов пен жануарларды ветеринариялық өңдеу операторы Айдана Төрежанқызы Әуелхан Мағжан Жұмабаев ауданының ветеринариялық станциясы атынан «2026 жылы ІҚМ қорғаудың практикалық шешімдері: бұзаулардың денсаулығы және шаруашылықтағы инфекциялық шығындарды азайту» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шара Бескөл ауылында, «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми — зерттеу институты» ЖШС базасында өтті және мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелеріне арналды. Кездесу барысында қатысушыларға бұзаулардың сақталуын арттыруға және шаруашылықтағы инфекциялық шығындарды азайтуға бағытталған заманауи шешімдер ұсынылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар мал шаруашылығы қожалықтарының тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін ұсынылған шешімдерді практикалық қызметке енгізудің маңыздылығын атап өтті.
23.04.2026
Қаралым саны: 11
Қаралым саны: 11