Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік функциялардың жекелеген түрлерін іске асыру нысандарының бірі болып табылады.Ол қызмет алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен көрсетіледі және олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыруға, сондай-ақ тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алуға бағытталған.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасы» КММ «Мағжан Жұмабаев ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК бекітілген ережелер мен стандарттарға сәйкес келесі үш түрдегі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
-
Ветеринариялық анықтама беру;
-
Ветеринариялық паспорт беру;
-
Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).
Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер ауыл шаруашылығы жануарының иесінің өтініші негізінде ғана көрсетіледі.
Қызмет көрсету нысаны – электронды және қағаз түрінде.
Халықтың мемлекеттік қызметтерге теңдей қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық станция ғимаратында және ауылдық округтердің ветеринариялық пункттерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және оларды алу тәртібі туралы ақпараттық стендтер орнатылған.
М. Жұмабаев ауданының ветеринариялық станциясы көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты ресми интернет-ресурстан, сондай-ақ Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшалардан алуға болады:
https://www.instagram.com/vetstancia_mzh?igsh=d21yNno4NHljMHht
https://www.facebook.com/share/16xRQaJtrU/
Мемлекеттік қызметтерге өтініштерді қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүргізіледі. Түскі үзіліс – 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Қаралым саны: 6