Бруцеллез. Алдын алу шаралары.

Бруцеллез – жануарлар мен адамдардың созылмалы ауруы.

Адамдарға жұқпалы қоздырғыштың негізгі көзі бруцеллезбен ауыратын қой, ешкі, ірі қара, түйе және шошқа болып табылады.

Жұқтырудың жетекші факторларына бруцеллезбен жұқтырған жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, күтім заттары, жем, төсек-орын, су, топырақ, адамның киімдері жатады.

Шаруашылықтағы ауру басқа шаруашылықтардағы малдарды табынға енгізгеннен кейін, малды карантинге қоюдың негізгі ережелерін сақтамағанда, сау және ауру малдар бірге жайылғанда немесе малды суару үшін ауру су көздерін немесе мал жолдарын пайдаланған кезде пайда болуы мүмкін.

Бруцеллез ауруының алдын алу үшін барлық меншік түрлерінің иелері малдарды эпизоотияға қарсы міндетті шараларды жүргізу үшін ветеринариялық қызмет мамандарына жедел түрде беріп, жануарларды жедел анықтап, ақпараттық жүйелерге тіркеуге міндетті. Сиыр, қой, шошқа, жас ауылшаруашылық жануарларын сатып алғанда, малдың алынуы, союы немесе сатылғаны туралы ветеринария мамандарына хабарлауды ұмытпаңыз.

Аурудың алдын алу мақсатында бір жастан асқан барлық ірі қара, қой, ешкіге жылына екі рет бруцеллезге диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.

Бруцеллезге қарсы ветеринариялық іс-шараларды өткізу тәртібіне сәйкес иелері ауру малды оқшаулап, күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде ет комбинаттарында немесе мал сою пункттерінде санитарлық союға тапсыруға міндетті. Жануарды санитарлық союға жібергеннен кейін ветеринариялық қызмет персоналы бөлмені одан әрі дезинфекциялау үшін ауру жануар тұрған үй-жайды механикалық тазарту (көңді, жемді шығару) қажет.

Құрметті М.Жұмабаев ауданының тұрғындары! Бруцеллез – адамдар мен жануарларға ортақ қауіпті ауру. Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз және бруцеллездің алдын алыңыз. Бруцеллезді емдеуден гөрі алдын алу оңай екенін есте ұстаған жөн.

 

17.04.2025
Қаралым саны: 13