Құрметті ер-азаматтар, Отан қорғаушылар!

Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы қайсарлықтың, күш-жігер мен жауапкершіліктің символы болып табылады.

Шаңырақтарыңызда әрдайым бейбітшілік, береке мен ертеңгі күнге деген сенімділік орнасын. Сіздерге мықты денсаулық, мұқалмас қажыр-қайрат, жұмыстарыңызда табыс және жақындарыңыздың қолдауын тілейміз. Әрбір күн жаңа жетістіктер мен мақтанышқа толы болсын!

Құрметпен,

Мағжан Жұмабаев ауданының ветеринариялық станциясының ұжымы.

 

08.05.2026
Қаралым саны: 3