«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасы» КММ «Мағжан Жұмабаев ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ-дағы МКК қызметкерлері «СҚО әкімдігінің Ветеринария басқармасы» КММ өкілдері Наталья Евгеньевна Тараканова және Нұрлан Ғалижанұлы Жақинмен бірлесіп, 2026 жылғы 28-29 мамыр аралығында өткен «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.
Оқу-жаттығу «2026 жылғы өрт қаупі бар кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау» тақырыбы бойынша ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында практикалық оқу-жаттығулар өткізіліп, өрт қаупі бар кезеңге байланысты төтенше жағдайларды жою кезіндегі қызметтердің өзара іс-қимыл жасау әрекеттері пысықталды.
01.06.2026
Қаралым саны: 3
Қаралым саны: 3