11.03.2022 жылы аудандық әкiмдiк ғимаратының мәжiлiс залында Мағжан Жұмабаев ауданы Қоғамдық Кеңесiнiң Төрағасы Н.С. Кукла басшылығымен отырыс өттi, сондай-ақ ZOOM платформасына мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi Мемлекеттiк қызметтер басқармасының бас маманы А.О. Әубәкiрова қатысты, "СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы" КММ маманы Н.Г. Жакин қатысты, онда "СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы" КММ "Мағжан Жұмабаев ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК директорының орынбасары М.А. Мақанов ветеринариялық станциясы көрсететiн мемлекеттiк қызметтер "Ветеринариялық анықтама беру" және "Ветеринариялық паспорт беру" туралы айтып бердi.
Қоғамдық кеңес отырысының қорытындысы бойынша ветеринарлық станция директорының орынбасары қызықтырған сұрақтарға жауап бердi.
Қаралым саны: 141