«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы квазимемлекеттік сектор өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылға кеңінен тарту мақсатында ұйымдардың басшыларымен және олардың комплаенс офицерлерімен кездесу ұйымдастырды»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы квазимемлекеттік сектор өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту мақсатында ұйымдардың басшыларымен және олардың комплаенс офицерлерімен кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Сергей Перов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының басшысы Лаура Қайыржанова, Солтүстік Қазақстан университетінің бас комплаенс офицері Инна Джемалединова қатысты.»

 

24.11.2022
Қаралым саны: 169