Үй жануарларына жауапкершілікпен қарау жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2025 жылғы 18 желтоқсанда “СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы” КММ “М. Жұмабаев ауданының ветеринариялық станциясы” ШЖҚ МКК мамандары және құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп, үй жануарларына жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ үй жануарлары иелерінің жауапкершілік деңгейін арттыру.

Жануарлар иелеріне ақпараттық жадынамалар таратылып, үй жануарларын күтіп-бағу және серуендету қағидаларын сақтау, сондай-ақ иттер мен мысықтарды чиптеу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

22.12.2025
Қаралым саны: 31