30.09.2024 жылы «СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Мағжан Жұмабаев ауданының ветеринарлық станциясы» ШЖҚ және МКК ағымдағы жылға жоспарланған іс-шаралар шеңберінде Булаев қаласында Ветеринариялық станция мамандарының және ауданның барлық ауылдық округтерінің ветеринариялық дәрігерлерінің жане операторлардың қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.
Жиналыс барысында «СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Мағжан Жұмабаев ауданының ветеринарлық станциясы» ШЖҚ және МКК директоры м.а М. А. Мақанов, сондай-ақ ветеринариялық дәрігерлер Е.И Якунина, және А. М. Арбагулова мен Е. А. Бунковская сөз сөйледі.
1. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған «Tort Tulik» мобильді қосымшасы.
2. Үй жануарларын микрочиптеу және «Тanba» АЖ жұмыс істеу туралы.
3. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы.
4. «Ветеринариялық паспортты беру», «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпаратты «түзету» мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібі туралы.
5. Есептерді уақтылы тапсыру туралы.
Жиналыс қорытындысы бойынша:
1. Есепті уақтылы орындау.
2. Ұрпақты сәйкестендіру жоспарын орындау.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жауапты көзқарас.
4. «Tort tulik» мобильді қосымшасын тұрақты негізде пайдалану бойынша одан әрі жұмыс жүргізу.
Қаралым саны: 155