Қазақстанда үй жануарларын чиптеу міндетті болады. Чиптің артықшылығы неде, қандай үй жануарларын чиптеуге болады? Осы және басқа сұрақтарға осы мақалада жауап береміз.
Үй жануарларын чиптеу процедурасы қандай? Чиптеу — осы жануар туралы, сондай-ақ иесінің мекен-жайы мен телефоны туралы ақпарат береді, чиптеу – үй жануарларын есепке алудың тәсілі, тері астына енгізу арқылы жүргізіледі.
Чиптеу процедурасы не үшін жасалады? Біріншіден, егер сіздің үй жануарыңыз жоғалып кетсе және оны адамдар тауып, ветеринарлық клиникаға әкелсе, онда олар чипті сканерлеп, жануар туралы барлық қажетті ақпаратты, соның ішінде иесінің телефоны мен мекен-жайын алады.
Екіншіден, аулау қызметің жүргізу барысында міндетті. Олар чиптерді сканерлеуге, егер жануарда чип болса, дерекқорды тексереді. Иесі туралы ақпаратты тапқаннан кейін, оларға үй жануарларының табылғандығы туралы хабарлау керек немесе арнайы ресурстарда тиісті ақпаратты жариялау керек. Содан кейін үй жануарының сізге тірі және зиянсыз оралу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары.
Қандай жануарларды чиптеуге болады? Кез – келген — мысық, ит, күзен, тіпті қолға үйретілген егеуқұйрық және тағы басқа жануарларды чиптеуге болады. Үй жануарларының өмірі үшін бұл рәсімдеу тәсілі ешқандай қауіп төндірмейді. Чип жануардың терісінің астына шприцпен егу арқылы жасалады. Чиптің мөлшері күріш дәнінен үлкен емес және барлық жануарлар үшін чиптің мөлшері бірдей.
Чиптеу процедурасы қалай? Чиптің өзі арнайы қорғаныс қабығына "оралған", және жануарда аллергиялық реакциялар және қолайсыз жағдайлар тудырмайды.
Чипті орнатпас бұрын әр чиптің жарамдылығы тексерілуі керек, бұл тәсілді орындау үшін арнайы сканер бар. Сканер чип нөмірін көрсетеді. Бұл нөмірдің астында үй жануарлары тіркеледі. Чиптің өзінде оның тіркеу нөмірі ғана шифрланған және басқа ештеңе жоқ. Осы нөмірдің астында жануар туралы барлық қажетті ақпарат арнайы мәліметтер базасына енгізіледі.
Чиптеу — үй жануарыңызды қорғаудың бір тәсілі, бұл жоғалған үй жануарларын табуға мүмкіндік беретін егудің бір түрі.
Айта кету керек, 2021 жылғы 30 желтоқсандағы "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" ҚР Заңына сәйкес, Республикада үй жануарларын чиптеу 2023 жылғы 1 қыркүйегінен бастап міндетті болады.
Қаралым саны: 197