Біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы

29-31 наурыз аралығында Ветеринариялық станция мамандары Е. И. Якунина мен Е. А. Бунковская "Үй жануарларына ветеринариялық-хирургиялық көмек көрсетудің заманауи әдістері (орхиэктомия, овариоэктомия)" бағыты бойынша ветеринариялық мамандарға арналған біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Курстар СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы "М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" КЕАҚ базасында ұйымдастырады. Курстар "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңды іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған. Оқу аяқталғаннан кейін мамандарға курстардан сәтті өткендігі туралы сертификаттар табысталды.

06.04.2023
Қаралым саны: 162