Құс тумауы-септицемия,домбығу,тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін жұғымтал ауру. Құстың түмауы эпизотия және энзотия түрінде байқалады. Тұмаумен барлық үй,синантроптық және жабайы құстар ауырады.Вирустың көптеген штаммдары ауырмаған жыл құстарынан,әсіресе,ұя басатын жерлерінде ,бөлініп алынады.Үй және жабайы құстардың арасында құстарға ,адамға және жануарларға тән тұмау вирустарының штаммдары айналымда болады.Құс тұмауының емі жоқ, сондықтан екпе жұмыстарын уақытылы егу керек.Аурудың алдын алу үшін құс фермалары мен фаврикаларында санитариялық реттілікті сақтаудың,зоогигиеналық талаптарды орындаудың маңызы зор.Шеттен құс әкелгенде,жем, транспорт,ыдыс кіргізгенде сақтық шараларын мұқият сақтау қажает.
Ньюкасл ауруы- тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән тыныс жолдары,ас қорыту мұшелері мен жүйке жүйесін зақымдайтын аса жұғымтал ауру.Ньюкасл ауруымен барлық жабайы тауық тұқымдастар ауырады.Сау құстар көбіне ауруға шалдыққан құстармен аралас жүргенде немесе вирус жұққан жем-судан,құрал-сайманнан,балапан шығатын жүмыртқадан жұқтырып алады.
Ньюкасл ауруының алдын алу үшін жалпы ветеринариялық-санитариялық тазалық ережелердіғана сақтау жеткіліксіз. Сондықтан құстарды жоспарлы түрде Ла-Сота вацинасымен егіп тұрған жөн.
Қаралым саны: 44